БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде әкімшілік рақымшылық жүргізілді
31.07.2026 18:37:25 251
Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, еліміздің тәуелсіздік тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық жүргізілді.
Бұл ретте әкімшілік рақымшылық мынадай айыппұлдарға қолданылмайды:
▪ сот тағайындаған айыппұлдарға;
▪ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 275, 277, 278 және 281-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар бойынша салынған айыппұлдарға.
Аталған баптар салық саласындағы ең ауыр құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті көздейді, атап айтқанда:
• салық салу объектілерін немесе мүлікті жасыру;
• салық міндеттемелерін орындаудан жалтару;
• салық сомаларын кемітіп көрсету;
• Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері мен акцизделетін тауарларды өндіру және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын бұзу.
📍 Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде әкімшілік рақымшылық 152 әкімшілік материал бойынша жүргізілді.
💰 Кешірілген әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 11 млн теңгені құрады.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын іске асыру және әкімшілік рақымшылықты қолдану мәселелері бойынша салық төлеушілерді ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1266954?lang=ru