Білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсету тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

Білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсету тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

04.08.2026 08:30:57 197

«Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданының білім бөлімі» ММ білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсету тәртібіне өзгерістер енгізілгенін хабарлайды (ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 12 наурыздағы №165 қаулысымен №64 қаулыға енгізілген өзгерістер).

Басты жаңалық – отбасы табысын тексеру процесінің толықтай цифрлық форматқа көшірілуі. Бұл іс жүзінде нені білдіреді? Отбасының табысы туралы мәліметтер жүйеге автоматты түрде жүктеледі. Енді мектепке қағаз түріндегі анықтамаларды тапсырудың қажеті жоқ. Отбасының қаржылық жағдайы туралы барлық деректер «Отбасының цифрлық картасы» мен бірыңғай мемлекеттік тізілімдер (реестрлер) арқылы Ұлттық білім беру деректер қорына (ҰБДҚ) тікелей түседі. Алынған мәліметтер негізінде тиісті есептеулерді электронды жүйе жүргізеді. Тұжырымдап айтқанда, отбасының табыс деңгейін анықтау және көмек алу құқығын белгілеу толығымен автоматтандырылған цифрлық скоринг арқылы жүзеге асырылады.
2026–2027 оқу жылына мектепке дайындық үшін 50 851 теңге көлеміндегі біржолғы көмек келесі санаттағы балаларға беріледі:

-атаулы әлеуметтік көмек (ӘАК) алатын отбасылардың балалары;
-жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
төтен:
-атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы табысы күнкөріс минимумынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
-төтенше жағдайларға байланысты шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балалар;
-алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер.

Қосымша ақпарат алу үшін бала оқитын мектептің әкімшілігіне хабарласыңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1268018?lang=ru