Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі энергияны үнемдеу бойынша ақпараттық науқан өткізуде
04.08.2026 09:40:36 224
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану қажеттілігі туралы халықтың хабардарлығын арттыруға және энергияны үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық науқан өткізуде.
Науқан аясында тұрмыста энергияны үнемдеу және энергетикалық ресурстарды жауапкершілікпен пайдалануды насихаттайтын ақпараттық-танымдық бейнероликтер сериясы дайындалды.
Бастаманың негізгі мақсаты – азаматтардың назарын энергия тиімділігі мәселелеріне аудару, электр энергиясын үнемдеудің қарапайым әрі қолжетімді тәсілдерін кеңінен насихаттау, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды ұтымды тұтыну мәдениетін қалыптастыру.
Энергияны үнемдеу – елдің тұрақты дамуының маңызды құрамдас бөлігі. Энергияны ұтымды пайдалану шығындарды азайтып қана қоймай, қоршаған ортаға түсетін жүктемені төмендетуге және табиғи ресурстарды келер ұрпақ үшін сақтауға мүмкіндік береді.
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын ақпараттық бейнероликтермен танысып, энергияны үнемдеу мәдениетін қалыптастыру бастамасын қолдауға шақырамыз.
Бейнероликтерді жүктеп алу сілтемесі: https://clck.su/wDpvz
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1268074?lang=ru