Аудан орталығында жаңа футбол алаңы мен баларлар ойын алаңы салынады.Аудан әкімі аудан орталығы – Кеген ауылынан бой көтеретін спорт кешенінің жобасымен танысты Аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы Кеген ауылынан салынатын жаңа спорт кешенінің жобасымен танысты. Жұмыс сапары барысында аудан әкімі нысанның орналасу жоспарымен және техникалық ерекшеліктерімен танысып, құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде жүзеге асырылуының маңыздылығын атап өтті. Жаңа спорт кешені тұрғындардың, әсіресе жастар мен жасөспірімдердің бұқаралық спортпен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға серпін береді. Сонымен қатар, заманауи талаптарға сай бой көтеретін нысанда түрлі деңгейдегі спорттық жарыстар мен бұқаралық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік жасалады.
04.08.2026 11:30:54
380