Туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау

Туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау

04.08.2026 16:25:40 211

Шығыс Қазақстан облысының Туризм басқармасы кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытуға бағытталған қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етеді.

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туризм саласында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне келесі мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:

Туристік қызмет объектілері мен жол бойындағы сервис объектілерін салуға және реконструкциялауға жұмсалған шығындардың 10%-ын өтеу

Кәсіпкерлерге туристік қызмет объектілері мен жол бойындағы сервис объектілерін салуға немесе реконструкциялауға нақты жұмсалған шығындардың 10%-ы өтеледі.

Өтемақы алу үшін күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін объектінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға қағаз немесе электрондық нысанда (пошта арқылы немесе қолма-қол) өтінім беру қажет.

Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

  • заңды тұлғаның құрылтай құжаттары немесе дара кәсіпкердің құжаттары;
  • объектіні пайдалануға қабылдау актісі;
  • жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы және сараптаманың оң қорытындысы;
  • объектінің фото және бейнефиксация материалдары;
  • соңғы екі жылдағы қосылған құн салығының өсу динамикасын растайтын үзінді (Қағидаларда көзделген жағдайларда);
  • салық берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама.

Туристік автобустар құнының 25%-ын өтеу

Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері сатып алған, жүргізуші орнын есептемегенде сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарының құнының 25%-ын өтеу көзделген.

Өтемақы алу үшін күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін тіркелген жері бойынша жергілікті атқарушы органға өтінім беру қажет.

Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

  • заңды тұлғаның құрылтай құжаттары немесе дара кәсіпкердің құжаттары;
  • салық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтер;
  • көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • автобустың сатып алынғанын растайтын құжаттар (электрондық шот-фактура, сатып алу-сату шарты немесе кредиттік шарт);
  • көлік құралының фото және бейнефиксация материалдары.

Санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындарды субсидиялау

Кәсіпкерлік субъектілеріне туристік аймақтарда және туристік маршруттар бойында орналасқан санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін субсидиялау мүмкіндігі беріледі. Бұл шара туристік инфрақұрылымның сапасын арттыруға және саяхатшылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Субсидия алу үшін өтініш беруші заңнамада белгіленген мерзімдер мен тәртіпке сәйкес санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларында көзделген өтінімді және құжаттарды ұсынады.

Қайда жүгінуге болады?

Мемлекеттік қолдау шараларын алуға арналған өтінімдер тиісті Қағидаларда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жергілікті атқарушы органға ұсынылады.

Құжаттарды дайындау, қатысу шарттары және мемлекеттік қолдау шараларын алу тәртібі бойынша Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері кеңес алу үшін Шығыс Қазақстан облысының Туризм басқармасына жүгіне алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1268540?lang=ru