Мемлекеттік кірістер комитетінде сауданы дамыту мәселелері талқыланды
06.08.2026 16:40:40 227
2026 жылғы 5 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің алаңында Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары С.А. Ахметовтің төрағалығымен QazExportPromotion/KazTrade корпоративтік қорының, QazSpirits, «ҚазАлкоТемекі» салалық қауымдастықтарының және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында сауданы дамытуға қатысты өзекті мәселелер, оның ішінде алкоголь өнімдерін жеткізу мәселелері, сондай-ақ қазақстандық өнімнің шетелдік нарықтардағы үлесін кеңейту тетіктері талқыланды. Қатысушыларға сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және барлық мүдделі тараптардың өзара іс-қимылын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар таныстырылды.
Ашық пікір алмасу барысында салалық қауымдастықтар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері халықаралық сауданы жүзеге асырудың практикалық мәселелері бойынша пікір алмасты, өз ұсыныстарын білдіріп, алдағы уақытта бірлесіп пысықтауды қажет ететін мәселелерді айқындады.
Кездесу қорытындысы бойынша сыртқы сауданы дамыту және қазақстандық өнімді шетелдік нарықтарға ілгерілету үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру мақсатында бизнес-қоғамдастықпен және салалық қауымдастықтармен сындарлы өзара іс-қимылды жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1269975?lang=ru