2025 жылы Маңғыстау табиғатын әуе шарымен тамашалау жобасының негізі қаланды
06.08.2026 16:50:38 194
2025 жылы Анталия қаласында өткен Antalya Tourism Fair 2025 халықаралық туристік көрмесі аясында Маңғыстау облысының туризм басқармасы, түркиялық Uluer Group компаниясы және Қазақстан туристік қауымдастығы (ҚТҚ) арасында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат Маңғыстаудың туристік әлеуетін халықаралық деңгейде ілгерілетуге, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және тұрақты әрі оқиғалы туризмді дамытуға бағытталған. Ынтымақтастық аясында Uluer Group компаниясы Mangystau Balloon Festival жобасын іске асыруға қызығушылық танытты. Жоба бойынша 2026 жылдан бастап Бозжыра, Тұзбайыр, Шерқала және Айрақты үстінде әуе шарларының ұшуы жоспарланып отыр.
Бұл бастама Маңғыстаудың жаңа туристік брендіне айналып, шетелдік инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің Орталық Азиядағы оқиғалы туризм орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1269994?lang=ru