Алматыда университеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионатының ашылу рәсімі өтті
07.08.2026 18:32:45 138
2026 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) ұйымдастырған Университеттер арасындағы командалық шахматтан әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
49 елден 79 команда қатысқан іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалдық кезеңге әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдерін қоса алғанда, 16 университет құрамасы жолдама алды.
Қазақстан атынан чемпионатқа Қазақ ұлттық спорт университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Almaty Management University командалары қатысты.
Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Аркадий Дворкович, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов, дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар және академиялық қоғамдастық өкілдері қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1270803?lang=ru