Б. Жазықбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барады
10.08.2026 13:06:11 169
2026 жылғы 7 тамызда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бахтияр Жазықбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барады. Сапар барысында өңір жұртшылығымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды, сондай-ақ әлеуметтік маңызды мекемелерді аралайды.
Жұмыс сапары аясында өңір тұрғындарымен әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, олардың түйткілді проблемалары қарастырылатын болады.
Вице-министрге жолданған сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ-нің ресми интернет-ресурсы (www.gov.kz), Egov.kz электрондық үкімет порталы, «E-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы (suraktar.kz).
Сонымен қатар төмендегі телефон нөмірлері арқылы да хабарласуға болады: 8 (7172 74 37 23, 74 36 79).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/1271390?lang=ru