ШҚО МКД қызметкерлері «FINANCE CHESS CUP – 2026» шахмат турнирінің іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қатарында

ШҚО МКД қызметкерлері «FINANCE CHESS CUP – 2026» шахмат турнирінің іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қатарында

11.08.2026 15:11:07 185

2026 жылғы 7 тамызда Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкерлер арасында шахматтан өңірлік іріктеу турнирі өтті. Іс-шараға зияткерлік және стратегиялық ойлау қабілеттерін және спорттық рухын танытқан мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары облыс атынан жыл сайынғы республикалық «FINANCE CHESS CUP – 2026» шахмат турниріне қатысады.

Шахмат турнирінің қорытындысы бойынша жоғары дайындық деңгейі мен шеберлігін көрсеткен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ҚҚС салық аудиті бөлімінің басшысы Алмас Чиликбаев және Экспорттық бақылау бөлімінің бас маманы Нұрлан Қоныспаев іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, үздік қатысушылардың қатарына енді.

Өңірлік іріктеу турнирінің жеңімпаздары Шығыс Қазақстан облысының атынан 2026 жылғы 30-31 қазанда Астана қаласында өтетін жыл сайынғы «FINANCE CHESS CUP – 2026» шахмат турниріне қатысады.

Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз! Облысымыздың намысын республикалық деңгейде абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсетулеріне тілектеспіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1272261?lang=ru