Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясы ІІМ басшылығымен кездесті
11.08.2026 17:05:34 206
Рияд, 2026 жылғы 10 тамыз – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясы Ішкі істер министрінің орынбасары Халид Әл-Батталмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екі мемлекеттің ішкі істер министрліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, қол қоюға дайындалған екіжақты құжаттардың барысы мен алдағы өзара сапарларды ұйымдастыру кестесі қарастырылды.
Сонымен қатар, кездесу аясында сауд тарапына Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы дипломатиялық және қызметтік (арнайы) паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің үстіміздегі жылдың тамыз айының екінші жартысынан бастап ресми түрде күшіне енетіні туралы ақпарат берілді.
Тараптар екі ел арасындағы құқықтық және қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1272395?lang=ru