Жастар еңбегі – ел болашағына қосылған үлес

Жастар еңбегі – ел болашағына қосылған үлес

13.08.2026 15:26:46 199

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Ақтөбе облысында жастар саясаты саласында белсенділік танытып, жастармен жұмысқа үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың қолдауымен жастар саясатын дамытуға, жастардың бастамаларын жүзеге асыруға және қоғамдық белсенділікті арттыруға үлес қосып жүрген азаматтарға облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Сонымен қатар жастар саясаты саласындағы еңбегімен ерекшеленген азаматтар облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Мемлекет басшысының жастарды қолдау жөніндегі саясатын өңірде жүйелі жүзеге асыру – басты міндеттердің бірі.

Бүгінде Ақтөбе облысында жастардың бастамаларын қолдауға, олардың әлеуетін ашуға және қоғамдық өмірге белсенді араласуына бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Жастарға жасалған жағдай мен көрсетілген қолдау – олардың болашағына деген сенімнің нақты көрінісі.

Жастар саясатына үлес қосып жүрген барша азаматтарға еңбегі үшін алғыс білдіреміз!

Ақтөбе жастарына қолдау көрсету – өңірдің басты басымдықтарының бірі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1273566?lang=ru