Сарыарқа ауданының прокуроры инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша инвесторлармен кездесті

Сарыарқа ауданының прокуроры инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша инвесторлармен кездесті

13.08.2026 17:16:36 183

«Invest caravan» акциясы аясында Сарыарқа ауданының прокуроры Данияр Избасаров Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен, «Астана қаласын дамыту орталығы» және «Astana Invest» ұйымдарымен бірлесіп, аудан инвесторларымен кездесу өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – инвестициялық ахуалды жақсарту, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, әкімшілік кедергілерді жою және инвестициялық жобаларды сүйемелдеудің тиімділігін арттыру.

Жыл басынан бері аудан прокуратурасы 10 инвестордың құқықтарын қалпына келтіріп, 5 проблемалық мәселенің шешілуін қамтамасыз етті. Атап айтқанда, нысандар электр желілеріне қосылды, уақытша жол төселді, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды, ауданы 1 гектардан асатын карьерге топырақ төселіп, еріген қар суы тазартылды.

Қабылданған шаралар инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтірген мәселелерді жоюға және инвесторлардың заңды құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

Инвесторлардың сигналдарына жедел ден қою мақсатында прокуратура инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді анықтау және жою жұмыстарын жалғастыруда.

 

https://www.instagram.com/p/Db5f5hZyTlF/

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1273739?lang=ru