Кірістер мен мүлік туралы декларациясын толтыру ерекшеліктері
13.08.2026 18:30:41 428Резидент-жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияны есепті салықтық кезең ішінде мынадай шарттардың біріне сәйкес келген кезде ұсынады:
Есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан шетелдік банктердің банк шоттарында жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар жеке тұлғалар;
Есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мынадай мүлкі:
- мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын мүлік не шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын құқықтар және (немесе) мәмілелер;
- эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тіркелген бағалы қағаздар;
- Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
- Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тіркелген зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
- инвестициялық алтыны бар жеке тұлғалар;
Есепті салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегінен тысқары жерде есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын жиынтық құны айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшерінен асатын мүлікті:
- жылжымайтын мүлікті;
- механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді;
- заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін;
- бағалы қағаздарды;
- туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
- тұрғын үй құрылысына қатысу үлестерін;
- инвестициялық алтынды сатып алған адамдар.
Есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншігінде цифрлық активтері бар адамдар;
Кірістер мен мүлік туралы декларация есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тұрғылықты (болу) жері бойынша ұсынылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1273861?lang=ru