Қазақстан құрамасы самбодан әскери қызметшілер арасындағы халықаралық турнирде екінші орын алды

Қазақстан құрамасы самбодан әскери қызметшілер арасындағы халықаралық турнирде екінші орын алды

17.08.2026 17:41:33 343

Мәскеу қаласында 18 елдің өкілдерін біріктірген әскери қызметшілер арасындағы самбодан алғашқы халықаралық турнир мәресіне жетті.
Қазақстан құрамасы сапында 11 спортшы өнер көрсетті. Олардың жетеуі – ерлер, төртеуі – әйелдер. Құрама сапына Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері мен Ұлттық ұланның спортшысы кірді.
Жарыстың командалық есебінде бірінші орынды Ресей, екінші орынды Қазақстан құрамасы, үшінші орынды Иран құрамасы иеленді.
Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері өз салмақ дәрежелерінде алтын медальдарға ие болды:
58 келіге дейін – қатардағы жауынгер Жасұлан Нариманов;
64 келіге дейін – кіші сержант Жандос Бейсенбаев;
71 келіге дейін – ефрейтор Арнұр Қуатай.
Күміс жүлдегер атанғандар:
79 келіге дейін – ефрейтор Нұрсейіт Санжар;
88 келіге дейін – қатардағы жауынгер Мұхаметжан Жұман;
98 келіден жоғары – қатардағы жауынгер Болат Сапар;
әйелдер арасында 50 келіге дейін – лейтенант Айжан Жылқыбаева;
әйелдер арасында 54 келіге дейін – лейтенант Санат Байғараева;
әйелдер арасында 72 келіге дейін – лейтенант Роза Нысантайқызы;
әйелдер арасында 80 келіге дейін – капитан Зәмзәгүл Файзолланова.
Қазақстан құрамасының өнер көрсетуі әскери қызметшілер арасындағы самбодан өткен алғашқы халықаралық турнирдегі лайықты нәтиже болды. Спортшылар жоғары деңгейдегі даярлығын көрсетіп, үш алтын және жеті күміс медаль жеңіп алды.
Қазақстандық самбошыларды сәтті өнер көрсетуімен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен биік спорттық жетістіктер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1275347?lang=ru