Мәриям Хакімжановаға арналған мурал Қостанай қаласының көркін толықтырды

Мәриям Хакімжановаға арналған мурал Қостанай қаласының көркін толықтырды

19.08.2026 17:01:30 172

Биыл жерлесіміз, қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Мәриям Хакімжанованың туғанына 120 жыл толып отыр.
Мәриям Хакімжанова есімі берілген көшеде жаңа мурал пайда болды. Бұл – қаланы көркейтуге арналған жай ғана нысан емес, қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан көрнекті ақынға көрсетілген құрметтің белгісі.
Мәриям Хакімжанова Қостанай жерінде дүниеге келіп, бар ғұмырын әдебиетке арнады. Оның шығармаларында Отанға деген сүйіспеншілік, ана тақырыбы, ерлік пен адам тағдыры кеңінен көрініс тапқан. 1976 жылы ақынға Қостанай қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.
Қала күні аясында таныстырылған бұл мурал – көрнекті жерлесіміздің есімін ұлықтап, оның шығармашылық мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізудің көрнекі үлгісі.
Мәриям Хакімжанованың есімі енді кітаптар мен архив беттерінде ғана емес, Қостанайдың заманауи келбетінде де көрініс тапты. Бұл мурал қала тұрғындары мен қонақтарына ақынның қазақ мәдениеті мен әдебиетіне қосқан зор үлесін еске салып тұра берсін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1276761?lang=ru