Қазақстан мен «Alfanar Group» энергетика саласындағы әріптестік перспективаларын талқылады
20.08.2026 16:51:09 197
Рияд, 2026 жылғы 19 тамыз – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков «Alfanar Group» компаниясының төрағасы Әбделсалам Әл-Мутлақпен кездесті.
Сұхбат барысында «Alfanar Group» компаниясының Қазақстандағы энергетикалық жобаларды іске асыруға қатысу перспективалары, оның ішінде жаңартылатын энергетика, электр энергиясын өндіру, сондай-ақ заманауи технологиялық шешімдерді енгізу салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері қаралды.
Өз кезегінде, Ә.Әл-Мутлақ компанияның халықаралық қызметін кеңейтудің жаңа мүмкіндіктерін зерделеуге мүдделі екенін атап өтіп, перспективалы жобалар бойынша қазақ тарапымен келіссөздерді жалғастыруға дайын екенін білдірді.
Бұдан бөлек, кездесу барысында «Alfanar Group» пен Қазақстанның бейінді компаниялары арасында тікелей іскерлік байланыстар орнату мүмкіндіктері талқыланды.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындау мақсатында диалогты жалғастыруға уағдаласты.
«Alfanar Group» – 1976 ж. құрылған саудтық компаниялар тобы. Компания энергетика, электротехника, инжиниринг, құрылыс және инфрақұрылым салаларында қызмет етеді. «Alfanar Group» Корольдікте және халықаралық нарықтарда, оның ішінде күн және жел энергетикасы салаларында ірі жобаларды іске асырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1277521?lang=ru