Жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен түсетін кіріс.

Жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен түсетін кіріс.

20.08.2026 17:31:05 170

Жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен түсетін кіріс Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, меншік құқығында екі жылдан аз болған жылжымайтын мүлікті өткізу, заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде пайда болады.
Өтеусіз алынған және Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі орналасқан жылжымайтын мүлік бойынша өткізу, заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде меншік құқығының мерзіміне қарамастан пайда болады.
өткізу кезінде – өткізу бағасы (құны) мен оның бастапқы құны арасындағы оң айырма және мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде – жарғылық капиталға салым ретінде берілген құн, бірақ төлем шотына осындай мүлік берілген сомадан аспайтын құн мен оның бастапқы құны арасындағы оң айырма жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады. Бұл ретте жарғылық капиталға салым ретiнде берiлген мүлiктiң құны осындай мүлiктiң қабылданғанын және берiлгенiн растайтын құжаттың негiзiнде айқындалады.
құжатпен расталған: осы объектіні сатып алу бағасы (құны); сатып алу күнінен бастап оны өткізу (беру) күніне дейінгі кезеңде функционалдық және (немесе) нысаналы мақсаты өзгергеннен кейін өткізілетін (берілетін) жылжымайтын мүлік объектісін (объектілерін) сатып алу бағасы (құны) жылжымайтын мүлік объектісінің бастапқы құны болып табылады.
Мыналар өтеусіз алынған мүліктің бастапқы құны болып табылады:
өтеусіз алынған мүліктің құны дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне немесе жеке тұлғаның салық салынатын кірісіне енгізілген жағдайда – өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріске бұрын енгізілген құн;
мұрагерлік, қайырымдылық көмек түрінде алынған мүлік өткізілген (берілген) жағдайда – нарықтық құн;
жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі болып табылатын мүлік өткізілген (берілген) жағдайда – бағалау құны;
жер учаскесі өткізілген (берілген) жағдайда – кадастрлық (бағалау) құны;
барлық басқа жағдайларда – нөлдік құн.
Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында орналасқан жылжымайтын мүліктің бастапқы құны нөлге тең.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1277577?lang=ru