Сыра өнімдерінің айналымының жаңа қағидалары: 1 қыркүйектен бастап шыны ыдыстағы сыраны таңбалау енгізіледі

Сыра өнімдерінің айналымының жаңа қағидалары: 1 қыркүйектен бастап шыны ыдыстағы сыраны таңбалау енгізіледі

20.08.2026 17:36:05 181

2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда шыны ыдысқа құйылған сыра мен сыра сусындарын міндетті цифрлық таңбалау туралы талап күшіне енеді. Осы күннен бастап ел аумағында өндірілген немесе сырттан әкелінген барлық өнім Data Matrix кодымен міндетті түрде таңбалануға тиіс.

Сыра мен сыра сусындарын таңбалауды кезең-кезеңмен енгізу:

- 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап – кегтердегі өнімдер;

- 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап – шыны шөлмектердегі өнімдер;

- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – қаңылтыр банкілердегі өнімдер.

Цифрлық таңбалауды енгізу тауардың өндірушіден немесе импорттаушыдан бастап түпкілікті бөлшек сатушыға дейінгі бүкіл тізбек бойынша толық қадағалануын қамтамасыз етеді, сондай-ақ айналымға қатысушылар арасында өнімді беру кезінде құжаттардың электронды түрде ресімделуі мен расталуына кепілдік береді.

Нарық қатысушылары не істеуі қажет?

  1. tanba.markirovka.kz порталында ТМҚЖ ИС-те (Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі) тіркелу.
  2. Тауар карточкаларын толтыру және тіркеу.
  3. Таңбалау кодтарын алу және оларды түсіру үшін қажетті процедуралардан алдын ала өту.
  4. Таңбаланған тауар айналымы кезінде электрондық құжаттарды тапсыруға және растауға жабдықтар мен есепке алу жүйелерінің дайындығын қамтамасыз ету.

Қалдықтар бойынша маңызды:

Міндетті таңбалау енгізілген күнге дейін өндірілген немесе әкелінген сыра мен сыра сусындарының таңбаланбаған қалдықтарын сатуға бекітілген тізбеге сәйкес бір күнтізбелік жыл ішінде рұқсат етіледі.

Нарық қатысушыларына дайындықты 1 қыркүйекке дейін кейінге қалдырмау ұсынылады. Процестерді өз уақытында іске қосу өнімді өткізу кезінде іркілістердің алдын алуға және заңнаманың жаңа талаптарына сапалы түрде өтуге мүмкіндік береді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1277586?lang=ru