ЕАЭО ЕЛДЕРІНЕН ТАУАР ӘКЕЛУ: ҚАЙ КЕЗДЕ БҰЛ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ БОЛЫП САНАЛАДЫ?

ЕАЭО ЕЛДЕРІНЕН ТАУАР ӘКЕЛУ: ҚАЙ КЕЗДЕ БҰЛ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ БОЛЫП САНАЛАДЫ?

24.08.2026 11:06:08 331

Ең бастысы: егер жеке тұлға ЕАЭО елдерінен Қазақстанға белгіленген құн немесе сан өлшемдерден асатын тауар әкелсе, мұндай әкелу кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылды деп танылады.

1. Тауарларды қандай сомаға дейін әкелуге болады?

Егер күнтізбелік жыл ішінде әкелінген тауарлардың құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген АЕК-тің 360 еселенген мөлшерінен асса (360-АЕК=1557000тг.), тауарларды әкелу кәсіпкерлік мақсаттағы әкелу болып танылады.

2. Жекелеген тауарлар бойынша сандық шектеулер бар

Бір жыл ішінде бір адамға:

  • үлбірден жасалған бұйымдар, оның ішінде бас киімдер - бір атаудағы 1 данадан артық;
  • ұялы телефондар - 2 данадан артық;
  • планшеттер - 2 данадан артық;
  • стационарлық және портативті компьютерлер және оларға арналған керек-жарақтар - 2 данадан артық;
  • зергерлік бұйымдар - 5 данадан артық;
  • велосипедтер - 1 данадан артық;
  • балалар арбалары - 2 данадан артық;
  • көлік құралдары, оның ішінде бөлшектелген күйде - 1 данадан артық әкелінсе, бұл кәсіпкерлік мақсаттағы әкелу болып танылады.

Маңызды

Бұл өлшемдер бұрын пайдаланылған және жол жүру кезінде және (немесе) баратын жерде қажет болатын тауарларға қолданылмайды.

Бұл ретте:

  • тауардың жол жүру кезінде немесе баратын жерде пайдаланылуы;
  • маусымдылық, сапар мақсаты және көлік түрі;
  • тозу белгілерінің болуы - сызаттар, майысулар және басқа да механикалық зақымдар, жуылғаны;
  • биркалардың, жапсырмалардың, этикеткалардың және бастапқы қаптаманың болмауы ескеріледі.

ЕГЕР ТАУАРЛАРДЫ ӘКЕЛУ КӘСІПКЕРЛІК ДЕП ТАНЫЛСА?

  1. дара кәсіпкер ретінде тіркелу;
  2. ілеспе құжаттарды рәсімдеуге, оның ішінде мемлекеттік кірістер органдарына өтініш беру (328.00-нысан).
  3. қосылған құн салығын (ҚҚС) белгіленген тәртіппен төлеуге.

Есте сақтаңыз: ЕАЭО-дан тауар әкелген кезде оның құнына ғана емес, жекелеген тауар түрлерінің санына да назар аудару қажет. Белгіленген өлшемдерден асып кетсе, мұндай әкелу кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылды деп танылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1278786?lang=ru