Салық міндеттемелерін уақытылы орындау қажеттілігі туралы.
25.08.2026 17:17:05 122
Құрметті салық төлеушілер!
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтарды, төлемақыларды және басқа да міндетті төлемдерді уақытылы әрі толық көлемде төлеу қажеттілігін ескертеді.
Белгіленген мерзімдерді сақтау өсімпұлдардың есептелуін, банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының тоқтатылуын, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының қолданылуын және заңнамада көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығуға шектеу қойылуын болдырмауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты тексеруді және төлемді «e-Salyq Azamat», «eGov.kz» және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асыруға болады.
Салық бересісінің бар-жоғын уақытылы тексеріп, төлем жасауды ұсынамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1279774?lang=ru