2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін активтер мен міндеттемелер бойынша декларацияны кімдер тапсыру қажет.
25.08.2026 17:36:08 182
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 15 қыркүйекте 2025 жыл үшін активтер мен міндеттемелер туралы (250.00-нысан) және кірістер мен мүлік туралы (270.00-нысан) декларацияларын ұсыну мерзімі аяқталатынын еске салады.
2026 жылы қандай мәліметтерді көрсету қажет және кімдер декларацияларды ұсынуға міндетті?
Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан):
1) Шет елде мүлкі, соның ішінде жылжымайтын мүлкі, көлік құралдары, жер учаскесі, шетелдік компаниялардағы қатысу үлесі, шетелдік банктердегі шоттарда жиынтық мөлшері 1000 АЕК-тен асатын ақшасы, инвестициялық алтыны, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуы, эмитенттері шетелде тіркелген бағалы қағаздары, туынды қаржы құралдары, шетелдік брокерлік шоттардағы ақшасы, зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері, дебиторлық/кредиторлық берешегі (растайтын құжаттарды қоса бере отырып), құны 1000 АЕК-тен асатын басқа да мүлкі бар ҚР азаматтары мен резиденттері;
2) сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар, сондай-ақ олардың жұбайлары;
3) банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушысы мәртебесіне үміткер тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары;
4) дербес практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);
5) цифрлық активтері бар ҚР азаматтары мен резиденттері.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілуі тиіс мәліметтер
Қазақстандағы және шетелдегі мүлік: бағалы қағаздар, цифрлық активтер, үлестік қатысу шарты, инвестициялық алтын, зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері, 10 000 АЕК шегіндегі қолма-қол ақша, жеке тұлғалардың нотариаттық куәландырылған қарыз шарттары, құны 1000 АЕК-тен асатын басқа да мүлік (қалауы бойынша), шетелдік компаниядағы қатысу үлесі, шетелдегі жылжымайтын мүлік пен көлік, шетелдік банктегі 1 000 АЕК-тен асатын ақша, сондай-ақ шетелдік брокерлік шоттардағы ақша.
Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан):
1) мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары;
2) банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың жұбайлары;
3) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлесінің (акционерлік қоғамдар акцияларының) 10%-дан астамына иелік ететін басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент жұбайлары, коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда;
4) дербес практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);
5) дербес салық салуға жататын кірістерді (мүлікті жалға беруден түскен кірістер; шетелдік банк шоттары бойынша сыйақылар; цифрлық активтермен жасалатын операциялардан түскен кірістер; төлем көзінен салық ұсталмаған өзге де кірістер) алған тұлғалар, ЖК кірістерін қоспағанда;
6) шетелдік банктердегі шоттарында жиынтық мөлшері 1000 АЕК-тен асатын ақшасы бар тұлғалар;
7) шет елде активтері (жылжымайтын мүлкі, көлік құралдары, бағалы қағаздары, ТҚҚ, инвестициялық алтыны, шетелдік компаниялардағы үлесі; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуы) бар тұлғалар;
8) меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;
9) есепті салық кезеңі ішінде жиынтық құны 20 000 еселік АЕК мөлшерінен асатын мүлікті, оның ішінде ҚР шегінен тыс жерде сатып алған тұлғалар;
10) салық агентіне өзге де шегерімдердің алдын ала сомасы түріндегі салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініш берген тұлғалар.
Кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілуі тиіс мәліметтер
Қазақстандағы және шет елдегі кірістер мен мүлік, соның ішінде дербес салық салуға жататын кірістер (жалға беруден, жылжымайтын мүлікті, көлікті, бағалы қағаздарды, цифрлық активтерді сатудан түскен кірістер, шетелден алынған кірістер және т.б.), салықтық шегерімдер, мүлікті сатып алу/иеліктен шығару, соның ішінде өтеусіз алынған мүлік, құны қымбат мүлікті сатып алу көздері, ЖТС бойынша артық соманы есепке жатқызу және қайтару, шетелдік банктегі 1 000 АЕК-тен асатын ақша, есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша шет елдегі мүлік (жылжымайтын мүлік пен көлік, зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын, жарғылық капиталдағы қатысу үлесі және т.б.), жеке тұлғалардың нотариаттық куәландырылған қарыз шарттары.
Декларацияны ұсыну тәсілдері:
-Салық төлеушінің кабинеті;
-«Электрондық үкімет» порталы;
-e-Salyq Azamat, eGov mobile, HalykBank, ЦентрКредитБанк, Kaspi.kz мобилді қосымшалары;
-Қағаз жүзінде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1279798?lang=ru