Ыбықты Cай шатқалында тазалық жұмыстары жүргізілді

Ыбықты Cай шатқалында тазалық жұмыстары жүргізілді

25.08.2026 17:36:06 153

Ағымдағы жылдың 22 тамызында Ыбықты сай шатқалында табиғи аумақтың тазалығын сақтау мақсатында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараны Маңғыстау облысының Туризм басқармасы мен SaparGo компаниясы бірлесіп өткізді. Тазылық жұмыстары барысында шатқал аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, табиғи ортаның тазалығы мен көркін сақтауға бағытталған жұмыстар атқарылды.

Тазалық жұмыстарының негізгі мақсаты Маңғыстаудың табиғи нысандарын қорғау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және туристік аумақтардың тазалығын қамтамасыз ету болды.

Маңғыстаудың әсем табиғаты өңірдің басты туристік құндылықтарының бірі саналады. Табиғи аумақтарды таза ұстау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.

Экологиялық эстафета @redmaya.travel туристік компаниясына жолданып, табиғатты қорғау бағытындағы бастаманы жалғастыру ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1279809?lang=ru