Азаматтар мен шетелдік қонақтардың назарына: банк карталары мен шоттарын үшінші тұлғаларға беру — қылмыс
26.08.2026 15:42:59 142
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тұрғындары мен шетелдік азаматтарға банк карталарын, шоттарын және өзге төлем құралдарын үшінші тұлғаларға берудің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы хабарлайды.
Шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағына алғаш рет келіп, ЖСН алып, банк шоттары мен карталарын ашып, кейіннен оларды үшінші тұлғаларға беру немесе жалға беру фактілері анықталды. Бұл құралдар интернет-алаяқтықтар мен өзге де заңсыз қаржылық операцияларды жасау үшін пайдаланылады.
Жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес, банк деректемелері мен төлем құралдары негізінен елге алғаш рет келген тұлғалар тарапынан берілетіні анықталды.
Білу маңызды:
Банк карталарын, шоттарын, төлем құралдарын және сәйкестендіру құралдарын үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады. Мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделген.
Мемлекеттік шекара арқылы кедендік өткізу пункттерінде ақпараттық-профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылған. Қазақстанға алғаш рет кіріп жатқан шетел азаматтарына банк құралдарын беруге жол берілмейтіні және заң бұзғаны үшін жауапкершілік туралы түсіндіріледі.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтар мен өңір қонақтарына хабардар етеді:
- банк карталарын, шоттарын және мобильді банкингке кіру деректерін бөтен адамдарға ешқашан бермеуге;
- шотты немесе картаны «жалға беруге» келіспеуге, тіпті сыйақы ұсынылса да;
- күдікті ұсыныстар түскен жағдайда дереу құқық қорғау органдарына немесе банкке хабарласуға.
Осы қарапайым ережелерді сақтау сізді қылмыстық жауапкершіліктен қорғайды және қаржылық қылмыстардың алдын алуға көмектеседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1280349?lang=ru