Төретамдағы теміржол вокзалы жаңарудың жаңа кезеңінде

Төретамдағы теміржол вокзалы жаңарудың жаңа кезеңінде

26.08.2026 15:53:40 164

Төретам кентінде тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді. Осыған орай аудан әкімі Жандос Еркінбек жұмыс сапарымен Төретам кентіне барып, күрделі жөндеуден өткізіліп отырған теміржол вокзалының және аумақты абаттандыру жұмыстарының барысын бақылады.

1965 жылы салынған теміржол вокзалы ғимаратының жалпы көлемі 597,6 шаршы метрді, жолаушы қабылдау мүмкіндігі 250 адамды құрайды. Бүгінде вокзал ғимаратының ішкі бөлігіндегі негізгі жұмыстар толық аяқталған. Ішкі қабырғаларды сылау, есіктерді орнату, еденге кафель төсеу, жылу құбырлары мен радиаторларды орнату толық 100 пайыз орындалған. Сыртқы жұмыстар бойынша да ғимараттың шатырына жабынды төсеу, сыртқы қабырғаларды қаптау, жаңа терезелер орнату 100 пайыз толық аяқталды.

Электр жүйесін орнату жұмыстары 95 пайызға орындалса, нысандағы құрылыс жұмыстарының жалпы орындалу көрсеткіші 96 пайызды құрап отыр.

Вокзал аумағын абаттандыру жұмыстары да қатар жүргізілуде. Бұл мақсатқа аудандық бюджеттен қаржы қарастырылып, бекітілген мердігер мекемемен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жұмыс сапары барысында аудан әкімі атқарылған жұмыстардың сапасына назар аударып:

«Бұл нысан - ауданымыздың маңызды нысандарының бірі. Сондықтан ғимараттың ішкі және сыртқы бөлігіндегі жұмыстар сапалы орындалып, айналасы заман талабына сай абаттандырылуы қажет. Жұмыстың сапасы мен мерзімі басты назарда болуы тиіс», – деп бірқатар тапсырмасын жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1280379?lang=ru