Даму мақсатындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Даму мақсатындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

26.08.2026 17:56:56 141

Бразилиа, 2026 жылғы 25 тамыз – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігі (ABC) директорының орынбасары, Елші Луиза Лопес да Силвамен кездесті.

Қазақстан Елшісі кездесу барысында сұхбаттасына бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлау және «Қазақстан Халық Кеңесі» құрамын қалыптастыру қорытындылары жөнінде хабардар етті. Сонымен қатар «ABC» пен Қазақстанның «KazAID» халықаралық даму агенттігі арасында дамуға ресми көмек көрсету саласында екіжақты ынтымақтастық орнату бойынша уағдаластықтар талқыланды.

Сондай-ақ Қазақстандық дипломат бразилиялық әріптесіне «KazAID» агенттігінің «ABC» агенттігінің Бас директоры, Елші Руй Карлос Перейраға (Ruy Carlos Pereira) 2026 жылғы 10 қыркүйекте Алматы қаласында өтетін Даму саласындағы жаңа әріптестердің (EDP) үшінші жыл сайынғы отырысына қатысуға шақыруын табыстады. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Үкіметі қамқорлығымен, «KazAID» агенттігінің тең төрағалығымен және БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) қолдауымен өтеді.

Анықтамалық: Бразилияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігі (ABC) 1987 жылы құрылған. Ол Бразилияның Сыртқы істер министрлігі жанындағы мемлекеттік мекеме болып табылады және дамуға ресми көмек (ДРК) бағдарламаларын іске асырады. Агенттіктің миссиясыБразилияның мемлекеттік және жеке сектор ұйымдарымен, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдармен және шетелдердің осыған ұқсас мекемелерімен әріптестік негізде жүзеге асырылатын ұлттық және халықаралық ынтымақтастық жобаларына Бразилия тарапынан көрсетілетін қолдауды басқару.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1280550?lang=ru