Бақылау-касса машиналарының чектеріне қойылатын жаңа талаптар
28.08.2026 17:33:12 75
2026 жылдан бастап фискалдық есепке алуды автоматтандыру үшін бақылау-касса машиналарының чектеріне қойылатын міндетті талаптар жаңартылды. Бұдан былай чекте: тауар кодтарының номенклатурасына сай тауар атауы; тауардың сәйкестендіру коды; міндетті таңбаланатын тауарлар үшін сандықсәйкестендіру құралдары көрсетілуі тиіс.
Кәсіпкерлерге атауларды қолмен енгізудің қажеті жоқ - штрихкодты сканерлеу жеткілікті. Барлық мәліметтер мемлекеттік дерекқорға енгізілген және фискалдық деректер операторларының сервистері арқылы автоматты түрде жүктеледі.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кассалық жабдықты тексеруді және қажет болған жағдайда бақылау-касса машиналарының жеткізушілерінен немесе фискалдық деректер операторынан бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңартуды ұсынады.
Бекітілген ережелерге сәйкес келмейтін чекті беру әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертеміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1282104?lang=ru