Шығыс Қазақстан облысы білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінің қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінің қорытындысы

28.08.2026 17:36:23 108

2026 жылдың 28 тамызында Шығыс Қазақстан облысы білім саласы қызметкерлерінің «Адам капиталы, білім, прогресс - халықтық Конституцияның негізгі құндылықтары» тақырыбында облыстық тамыз кеңесі өтті.
Кеңестің пленарлық бөліміне облыс әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Мухтарханова Гульшат Токтасыновна, әлеуметтік серіктестер, ЖОО ректорлары, колледж директорлары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, педагогикалық қауымдастық өкілдері мен ардагер ұстаздар қатысты.
Шара аясында инновациялық цифрлық технологиялар көрмесі ұйымдастырылып, пленарлық отырыста Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Окасов Қуат Барысұлы «2025–2026 оқу жылының қорытындылары және алдағы оқу жылына қойылатын жаңа міндеттер» баяндап, білім беру саласының даму бағыттары жан-жақты талқыланды.
Сондай-ақ, конференция аясында 9 бағыттағы секциялық алаңдар өткізіледі олар: мектепке дейінгі білім беру, бастауыш сынып, тәрбие жұмысы, инклюзивті, арнайы білім беру, жасанды интеллект, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика бағыттары, кітапхана ісі, психологиялық қызмет, менеджмент, техникалық және кәсіптік білім беру.
Конференция барысында бірқатар педагогтар мемлекеттік және өңірлік наградалармен, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің төсбелгілерімен марапатталды: «Құрмет» ордені-1 педагог, «Ерен еңбегі үшін»-1, «Еңбек ардагері»-2, «Шығыс Қазақстан облысының еңбек сіңірген ұстазы»-1, «Шығыс Қазақстан облысының білім беру ісіне қосқан үлесі үшін»-1, ШҚО әкімінің Құрмет грамотасы-5, ШҚО әкімінің Алғыс хаты- 5, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі -2, «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісі- 4, ҚР Оқу-ағарту министрінің Алғысы-10 педагог марапатталды. «Үздік орта білім беру ұйымы – 2026» атағы мен гранттарына сертификаттар табысталды:
Гран при: Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ – 20 млн.теңге;
І-орын: Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының № 9 орта мектебі» КММ – 18 млн.теңге;
ІІ-орын: Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 5 Күршім орта мектебі» КММ – 16 млн.теңге;
ІІІ-орын: Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Сарытерек орта мектебі» КММ – 14 млн.теңге.
Тамыз кеңесінің соңында педагогикалық қауымдастық алдында жаңа 2026–2027 оқу жылында жүзеге асырылатын негізгі міндеттер қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1282089?lang=ru