Жетістік жолы: мектептен Google-ге дейін

Жетістік жолы: мектептен Google-ге дейін

09.09.2026 09:11:18 77

2026 жылдың 8-ші қыркүйегінде кәсіби бағдар беру жұмысының аясында «№46 орта мектебі» КММ Өскемен қаласы, Глубокое және Ұлан аудандарының 11-сынып оқушыларына арналған Шығыс Қазақстан облысының Глубокое кентінің тумасы, «Білім-Инновация» лицейінің  түлегі Игорь Ганичевпен кездесу өтті.

Игорь MIT және Берклидегі Калифорния университетін бітіріп, Google компаниясында жұмыс істеді және өз стартапының негізін қалады. Қазіргі таңда ол жасанды интеллект технологияларын дамытумен айналысуда. Ашық диалог форматында түлектер Игорьдің жүріп өткен жолы, алған білімі, IT саласындағы мансабы және қазіргі технология әлеміндегі мүмкіндіктер туралы мағлұмат алды.

Қазақстанда жасанды интеллект пен цифрландырудың қарқынды дамуы аясында кездесуге қатысқан 200 оқушы үшін бұл іс-шараның маңызы зор болды. Жерлесіміздің өмір жолы - үлкен арман, сапалы білім мен дамуға деген ұмтылыстың үлгісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1288050?lang=ru