Қымбат жеңіл автокөлік сатып алушылар
09.09.2026 17:02:26 630
Қымбат жеңіл автокөлік сатып алушылар автокөлік құнының 10% мөлшерінде акциз төлеуге міндетті болады. Жаңа талаптар Салық кодексінде қарастырылған.
Акциз құны 18 000 АЕК және одан жоғары жеңіл автокөліктерге қолданылады. 2026 жылы 1 АЕК 4 325 теңгені құрайды, сондықтан белгіленген шекті сома — 77,85 млн теңге.
Акцизді автокөлікті сатып алған немесе оны басқа елден Қазақстанға әкелген жеке тұлға — сатып алушының өзі төлейді.
Қанша төлеу қажет?
Акциз мөлшерлемесі автокөлік құнының 10%-ын құрайды.
Мысалы, автокөліктің құны 80 млн теңге болса, акциз мөлшері 8 млн теңгені құрайды.
Қазақстанда автокөлік сатып алынған жағдайда оның құны сатып алу-сату шартында көрсетілген құн бойынша анықталады. Ал шетелден әкелінетін автокөліктер үшін құнды есептеудің бөлек тәртібі қолданылады.
Қашан есептілік тапсыру қажет?
Егер автокөлік Қазақстан аумағында сатып алынған болса, акциз бойынша декларацияны сатып алынған айдан кейінгі айдың 15-іне дейін тапсыру қажет.
Акцизді келесі айдың 20-сына дейін немесе автокөлікті мемлекеттік тіркеуден өткізгенге дейін төлеу қажет.
Егер автокөлік ЕАЭО елдерінен әкелінсе, декларацияның орнына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш беріледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1288557?lang=ru