Қазақстанда «Tax Free» пилоттық жобасы іске асырылуда.

Қазақстанда «Tax Free» пилоттық жобасы іске асырылуда.

09.09.2026 17:45:44 145

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы («такс фри» пилоттық жобасы)» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 4 маусымдағы № 363 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасында шетелдік туристерге (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда) сатып алынған тауарларды ЕАЭО аумағынан тыс жерге әкету кезде ҚҚС-тің өтемақы сомасын қайтарып алуға мүмкіндік беретін «Tax Free» пилоттық жобасының іске асырылып жатқанын хабарлайды.

«Tax Free» — Қазақстаннан шығар кезде шетелдік туристерге тауар сатып алғаны үшін ҚҚС бөлігінің өтемақысы.

Пилоттық жоба Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Балқаш, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен (Қатон-Қарағай) және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысының Бурабай кентінде орналасқан стационарлық сауда объектілерінде жүзеге асырылады.

ҚҚС өтемақысы «Tax Free» жүйесінің операторы арқылы жүзеге асырылады және шетелдік туристерге жалпы сомасы кемінде 10 АЕК
(2026 жылы – 43 250 теңге) болатын азық-түлікке жатпайтын тауарларды сатып алған кезде ұсынылады.

«Tax Free» құжатын сатушы ҚҚС сомасы көрсетілген кассалық чек негізінде қағаз немесе электронды түрде ресімдейді.

Пилоттық жобаға қатысу үшін https://taxfree.kz/ және/немесе Globalblue.com сілтемесіне кіру арқылы Tax Free Kazakhstan операторларымен шарт жасасу қажет.

Tax-Free жүйесіне қосылу және оны бизнес үшін пайдалану тегін.

Жоғарыда аталған елді мекендерде орналасқан, ҚҚС төлеушілері болып табылатын және стационарлық сауда объектілерінде азық-түлік емес тауарларды бөлшек саудада жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерді қатысуға шақырады.

«Tax Free» жүйесіне қосылу бизнес үшін қосымша артықшылықтар туғызып, мүмкіндік береді:

шетелдік туристерді тауар сатып алуға тарту; сату көлемі мен орташа орташа чек құнын арттыру;

сауда нүктесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

сатып алушыларды (шетелдік туристерді) «Tax Free» жүйесінің операторы арқылы ҚҚС-ты халықаралық деңгейде қайтару қызметімен қамтамасыз ету.

«Tax Free» пилоттық жобасы туралы бұйрықпен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкінің (ҚР НҚА ЭББ) веб-сайтындағы zan.gov.kz/client/#!/doc/226045/kaz, zan.gov.kz/client/#!/doc/226045/rus сілтемелер арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сайтындағы

https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/1026619?lang=kk, https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/1026619?lang=ru,

https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/1026619?lang=en сілтемелер арқылы;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы

https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/documents/details/1026657?lang=kk

https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/documents/details/1026657?lang=ru

https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/documents/details/1026657?lang=en

сілтемелер арқылы танысуға болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1288625?lang=ru