📢ҚР ҚМ МКК салық төлеушілерге арналған цифрлық сервистерді дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда.
09.09.2026 18:26:34 138
💻 Негізгі бағыттардың бірі – Салық төлеушінің кабинетінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан), сондай-ақ кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) алдын ала толтыруды енгізу.
🎯 Негізгі мақсат – декларацияларды ұсыну процесін жеңілдету.
Декларацияда есепті кезең ішінде мүлікті сатып алу және иеліктен шығару туралы мәліметтер автоматты түрде толтырылады.
🔄 Алдағы уақытта алдын-ала қалыптастырылатын мәліметтердің тізбесін кеңейту, оның ішінде декларацияны толтыруға қажетті кірістер және өзге де мәліметтерді көрсету жоспарлануда.
👤 Бұл ретте жеке тұлға қалыптастырылған мәліметтерді өзі тексереді, қажет болған жағдайда толықтырады немесе түзетеді, содан кейін декларацияны растап, жібереді.
💡 Бұл механизм «мемлекет қолда бар мәліметтерді ұсынады – азамат оларды тексеріп, растайды» қағидатына негізделген.
Бұл декларацияны толтыруға кететін ⏱️ уақытты қысқартуға және техникалық қателердің орын алу ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді.
⚠️ МАҢЫЗДЫ!
📅 2025 жыл үшін кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсыну мерзімі 2026 жылғы 15 қыркүйекте аяқталады.
💻 Декларацияны Салық төлеушінің кабинетінде https://knp.kgd.gov.kz ұсынуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1288665?lang=ru