2025 жыл үшін бейрезиденттерге салық салу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы
10.09.2026 09:01:38 75
Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын (КТС) есептеу және төлеу бойынша салық міндеттемелерінің уақтылы әрі толық орындалуын бақылау болып табылады.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің (жаңа редакцияда) 679-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын кірістер деп танылатын бейрезиденттердің кірістерінің 39 түрі айқындалған. Олардың ішінде неғұрлым кең таралғандары – Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар мен қызметтерді өткізуден түсетін кірістер, жұмыстарды орындаудан және қызметтер көрсетуден түсетін кірістер, оның ішінде консультациялық, басқарушылық, қаржылық, инжинирингтік, маркетингтік, аудиторлық және өзге де қызметтерден түсетін кірістер, сондай-ақ дивидендтер, сыйақылар, роялти, сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер, халықаралық тасымалдардан түсетін кірістер және мүліктің құнын өсіруден түсетін кірістер.
Бейрезиденттерге салық салуды әкімшілендіру 101.04 «Бейрезиденттің кірісінен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп» салық есептілігінің нысанына камералдық бақылау жүргізу арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтерін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Камералдық бақылау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялар туралы деректері мен 101.04 нысанының мәліметтері негізінде төлем көзінен ұсталатын КТС-тің дұрыс есептелуі мен ұсталуын бақылау;
халықаралық шарттар шеңберінде салықтан босатуды және төмендетілген салық мөлшерлемелерін қолданудың заңдылығын тексеру;
бейрезидент заңды тұлғалардың кірістерінен салық ұстаудан толық босатуды негізсіз қолдану фактілерін анықтау;
бейрезидент үшін қосылған құн салығын есептеу кезінде орын алған бұзушылықтарды анықтау.
Анықталған бұзушылықтар салық төлеушілерге өсімпұл есептеу түрінде қосымша қаржылық жүктеменің туындауына алып келеді, бұл олардың қаржылық-шаруашылық қызметіне кері әсер етуі мүмкін.
Осыған байланысты салық төлеушілерге төлем көзінен ұсталатын КТС-ті есептеу және төлеу кезінде салық заңнамасының талаптарын қатаң сақтау ұсынылады.
Мемлекеттік кірістер органдары бейрезиденттерге салық салу бағыты бойынша қосымша түсім көздерін анықтауға және өндіріп алуға бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1288834?lang=ru