Алматыдағы «БҰҰ Плаза»-да Даму бойынша жаңа серіктестердің Үшінші отырысы өтті

Алматыдағы «БҰҰ Плаза»-да Даму бойынша жаңа серіктестердің Үшінші отырысы өтті

10.09.2026 17:20:54 90

 

Алматы, 2026 жылғы 10 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов «БҰҰ Плаза»-да Даму бойынша жаңа серіктестерінің дамушы елдерге көрсетілетін көмектің тиімділігін мониторингілеу тақырыбына арналған, БҰҰ-ның Оңтүстік–Оңтүстік ынтымақтастығы күніне орайластырылған Үшінші отырысының ашылуына қатысып, сөз сөйледі.

Іс-шараны Қазақстанның халықаралық даму агенттігі (KazAID) және БҰҰ Азия және Тынық мұхиты бойынша Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Солтүстік және Орталық Азия жөніндегі субөңірлік бөлімшесімен (БҰҰ АТМЭӘК) бірлесіп ұйымдастырды.

Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстанның халықаралық даму стратегияларын іске асыру мақсатында экономиканы әртараптандыру, көлік-транзиттік инфрақұрылымды дамыту және цифрлық трансформация салаларында бірлескен бастамалар мен әріптестік қатынастарды жандандыруға бейілділігін атап өтті. Сондай-ақ БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібінің мақсаттарын бірлесіп ілгерілетудің маңыздылығына тоқталды.

Елші Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығының рөлін де атап өтті.

Іс-шараға Орталық Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Тынық мұхиты өңірі және Латын Америкасы елдерінің халықаралық даму агенттіктерінің өкілдері қатысты.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1289426?lang=ru