Алматыда гендерлік зорлық-зомбылықты медиада этикалық жариялау мәселелері талқыланды

Алматыда гендерлік зорлық-зомбылықты медиада этикалық жариялау мәселелері талқыланды

10.09.2026 18:32:42 147

 

Алматы, 2026 жылғы 8 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысының орынбасары Рашид Еришев «БҰҰ Плаза»-да өткен «Бұқаралық ақпарат құралдарында гендерлік зорлық-зомбылықты дұрыс әрі этикалық тұрғыда жариялау» тақырыбындағы тренерлерге арналған өңірлік тренингтің ашылуына қатысты.

Іс-шараға Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының Елдік кеңсесінің өкілі Джерен Гювен Гюрес, сондай-ақ Орталық Азия елдерінен келген журналистер, редакторлар және медиа-сарапшылар қатысты.

Өз сөзінде СІМ өкілі гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бастамаларды қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Іс-шара өңірдің медиа қоғамдастығында жауапты әрі кәсіби стандарттарды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1289550?lang=ru