Тауарлардың жекелеген түрлеріне 2026 жылдың екінші тоқсанына бағаның ең төменгі деңгейі белгіленді
11.09.2026 18:43:38 124
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 518-бабының 2-тармағына сәйкес, бағалардың ең төменгі деңгейін айқындау тәртібіне сәйкес бағалардың ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесіне енгізілген тауарлар бойынша уәкілетті орган айқындайды.
Оларға қатысты бағаның ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін, сондай-ақ бағаның ең төменгі деңгейін айқындау тәртібін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекітеді. Ең төменгі бағалардың деңгейі тоқсан сайын айқындалады.
2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті уәкілетті орган болып табылады.
Комитет 2026 жылғы 01 сәуірден 30 маусымға дейінгі кезеңде Қазақстан аумағында өндірілетін тауарларға ең төменгі бағаларды белгіледі.
Тізімге өнімнің 28 түрі енді, оның ішінде:
- Май мөлшері 40%-дан аспайтын ірімшік, өзгелері - кг үшін 1 822 теңге;
- Өзге де балқытылған ірімшіктер, май мөлшері 36%-дан аспайтын, өңделмеген немесе ұнтақталмаған, құрғақ заттағы оның мөлшері 48%-дан асқан кезде- 2 985 теңге;
- Құс жұмыртқалары, қабығында, жаңа піскен, үй тауықтары (Gallus domesticus) - бір данасына 41 теңге;
- Жаңа піскен немесе тоңазытылған картоп, өзгелері - кг үшін 90 теңге;
- Жаңа піскен немесе тоңазытылған ақ қырыққабат, - кг үшін 72 теңге;
- Жаңа піскен немесе тоңазытылған сәбіз - кг үшін 106 теңге;
- Алма, 1 тамыздан 30 қарашаға дейін - кг үшін 175 теңге;
- Қатты бидай, өзгелері - кг үшін 83 теңге;
- Жұмсақ бидай мен спельтадан жасалған бидай ұны - кг үшін 175 теңге;
- Басқа да күнбағыс тұқымдары, ұсақталған немесе ұсақталмаған – кг үшін 201 теңге;
- Бастапқы орамадағы өзге де күнбағыс майлары немесе олардың фракциялары таза көлемі 10 литр немесе одан кем – кг үшін 451 теңге;
- Құрғақ немесе паста тәрізді, шикі, еттен, қосымша ет өнімдерінен немесе қан шұжықтар - кг үшін 2 063;
- Өзге шұжықтар және еттен, ет өнімдерінен немесе қаннан жасалған ұқсас өнімдер – кг үшін 1 521;
- Макарон өнімдері, басқа да кептірілген өнімдер - кг үшін 248 теңге;
- Көлемі бойынша 45,4% немесе одан аз спирт концентрациясы бар арақ, сыйымдылығы 2 литр немесе одан аз ыдыстарда - бір литр үшін 1 268.
Қазақстанда өндірілмейтін (импортталатын) тауарлардың тізбесі 8 позицияны қамтиды, оның ішінде:
- Agaricus тектес саңырауқұлақтар, жаңа піскен немесе тоңазытылған, - бір кг үшін 754 теңге;
- Плантайндарды қоса алғанда, жаңа піскен банандар - кг үшін 403 теңге;
- Тәтті, жаңа піскен апельсин - кг үшін 277 теңге;
- Жаңа піскен және кептірілген мандариндер (танжериндер мен сатсуманы қоса алғанда) - кг үшін 269 теңге;
- Жаңа піскен құрма - кг үшін 208 теңге;
- Басқа жерде аталмаған немесе енгiзiлмеген күрделi органикалық өзге де ерiткiштер мен сұйылтқыштар; бояуларды немесе лактарды жоюға арналған дайын құрамдар - литріне 234 теңге.
- Vaccinium myrtillus түріндегі өсімдіктердің басқа жемістері, қайнаған суда немесе буда термиялық өңделген немесе өңделмеген, мұздатылған, қант немесе басқа тәттілендіргіш заттар қосылмаған – кг үшін 1432 теңге.
Салық кодексінің 518-бабының 1-тармағында тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері оларды сатып алу құны негізінде айқындалады деп көзделген.
Оларға қатысты бағаның ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесіне енгізілген импортталатын тауар бойынша құн белгіленген бағаның ең төменгі деңгейінен төмен мәлімделген кезде салық төлеуші осы Кодекстің 503-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша көрсетілген сомалардың айырмасын ескере отырып, осы Кодекстің 530-бабында көзделген мерзімде салық төлеуге міндетті.
Салық органы салық төлеушінің осы тармақтың алтыншы бөлігінде белгіленген талапты сақтамауын анықтаған кезде бағаның ең төменгі деңгейі мен бағаның ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесіне енгізілген импортталған тауардың мәлімделген құнының сомасы арасындағы айырма сомасы жеке шотты жүргізу тәртібіне сәйкес жеке шотқа есептеледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1290437?lang=ru