Қазақстан делегациясы Прагада өткен ЕҚЫҰ Экономика және қоршаған орта форумының 32-ші отырысына қатысты.

Қазақстан делегациясы Прагада өткен ЕҚЫҰ Экономика және қоршаған орта форумының 32-ші отырысына қатысты.

11.09.2026 22:08:29 247

Прага, 2026 жылғы 10-11 қыркүйек. Швейцария төрағалығымен  «Озық технологиялар мен ғылымға негізделген дипломатия арқылы ЕҚЫҰ өңіріндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту» тақырыбына арналған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) 32-ші Экономикалық және қоршаған орта форумының (ЭЭФ) қорытынды отырысы өтті. Форумға ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының, академиялық ортаның және жеке сектордың өкілдері экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін талқылау үшін бас қосты.

Елші Қайрат Әбдірахманов бастаған ҚР-дың ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдік пен Чехиядағы Елшіліктің өкілдерінен тұратын Қазақстан делегациясы форум жұмысына белсенді қатысты. Пленарлық отырыстар мен тақырыптық пікірталастар барысында қатысушылар стратегиялық болжау технологияларын мемлекеттік басқаруға интеграциялау, ғылыми дипломатияны дамыту, алдын ала ескерту тетіктерін жетілдіру, виртуалды активтерді басқару, энергетикалық тұрақтылық және ЕҚЫҰ өңіріндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту үшін жасанды интеллект пен басқа да инновациялық шешімдерді пайдалану мәселелерін талқылады.

Қазақстан делегациясы өз ұлттық мәлімдемесінде экономикалық және экологиялық өлшемдегі ЕҚЫҰ міндеттемелеріне бейімділігін растап, озық технологиялар тек тәуекелдерді азайту құралы ғана емес, сонымен қоса өңірдегі сенімділік пен тұрақтылықты қалыптастырудың қажетті құралы екенін атап өтті. Қазақстан өкілі іс-шараға қатысушыларды елдің цифрлық дамуға стратегиялық бағыты, соның ішінде 2026 жылды цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауы, сондай-ақ бұл инновациялық тәсілдің 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енген жаңа Конституциясында бекітілгені туралы хабардар етті.

Баяндамада су мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қазақстан өкілі ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасын қолдауға шақырып, су тапшылығы жаһандық қауіпсіздікке ең өзекті қауіптердің бірі екеніне назар аударды.

Технологиялық ынтымақтастық тұрғысынан Қазақстан делегациясы көлік өзара байланыстықты дамыту қажеттілігін және оның өткізу қабілетін айтарлықтай арттыру үшін Транскаспий халықаралық көлік бағытын жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті. Бұл тұрғыда Ақтау және Құрық порттары үшін цифрлық платформалар құру бойынша ЕҚЫҰ жобаларын одан әрі жүзеге асыруға қызығушылық білдірілді.

Орталық Азиядағы энергетикалық көші-қон, инвестиция және тұрақты инфрақұрылым мәселелері жөніндегі сарапшы және ЕҚЫҰ-ның Орталық Азиядағы энергетика саласындағы әйелдер желісінің мүшесі Әлия Сәлімжуарова «Технологиялық іс-әрекетте – жергілікті қатысушылардың әлеуетін нығайту және жергілікті мүмкіндіктерді кеңейту» атты бөлек панельдік сессияда, сондай-ақ Орталық Азиядағы маңызды минералды ресурстар саласындағы жаңа үрдістерге арналған форум аясындағы қосымша іс-шарада сөз сөйледі. Өз баяндамаларында ол зерттеуінің негізгі нәтижелері, соның ішінде өңірлік энергетика, экономика және экология қауіпсіздігі үшін маңызды минералдардың рөлі туралы өз пікірімен  бөлісті.

Форум қауіпсіздікке кешенді тәсілді одан әрі нығайту және болашақтағы қиындықтарды шешу үшін озық технологиялар мен ғылыми дипломатияны белсенді пайдалану туралы үндеумен аяқталды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1290583?lang=ru