Астана мен Алматы әлемнің үздік 300 қаласының тізіміне енді
22.09.2026 14:32:41 294Қазақстанның екі ірі қаласы – Астана мен Алматы Oxford Economics ұйымының Global Cities Index 2026 рейтингінде әлемнің үздік 300 қаласының қатарына кірді.
Зерттеу қорытындысына сәйкес, Алматы 265-орынға тұрақтаса, Астана 281-орынды иеленді. Осы көрсеткішпен қос мегаполис рейтингтің алғашқы үштен бір бөлігіне енді.
Қазақстандық қалалар әсіресе адами капитал бағыты бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Бұл санатта Алматы әлем бойынша 66-орынды, ал Астана 98-орынды иеленді.
Аталған көрсеткішті есептеу кезінде халықтың білім және біліктілік деңгейі, еңбек нарығының жағдайы, кадрлық әлеует, сондай-ақ қаланың мамандарды тарту және ұстап қалу мүмкіндігі ескеріледі.
Ал экономикалық көрсеткіш бойынша Астана 264-орынға шықса, Алматы 288-орынға орналасқан.
Global Cities Index қалаларды бес негізгі бағыт бойынша бағалайды. Олардың қатарында экономика, адами капитал, өмір сүру сапасы, экологиялық жағдай және басқару жүйесі бар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1296026?lang=ru