Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады.
2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады.

24.09.2026 21:33:47 202

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 қазанда аяқталатынын еске салады.
Салық салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша төленеді.
Төлеу тәсілдері:
«e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы;
Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары;
Екінші деңгейдегі банктердің кассалары мен «Қазпошта» АҚ бөлімшелері.
Төлем онлайн түрде қолжетімді және бірнеше минутта жасалады.
Салықтың уақытылы төленбеуі өсімпұл есептеуге, сондай-ақ берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға әкеліп соғатынына назарларыңызды аударамыз.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті төлемді белгіленген мерзімді күтпей, алдын ала жүргізуге кеңес береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1297978?lang=ru