Қазақстан мен Беларусь транзитті жеделдету және кедендік ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстан мен Беларусь транзитті жеделдету және кедендік ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

24.09.2026 22:19:23 395

      2026 жылғы 23 қыркүйекте Брест қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұловтың Беларусь Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Владимир Орловскиймен екіжақты кездесуі өтті.

      Беларусь Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады. Кездесу барысында тараптар өзара саудадағы оң динамиканы атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

     Негізгі назар тауарларды өткізуге және транзиттен өтуге тікелей байланысты мәселелерге аударылды.

     Атап айтқанда, тараптар:

    - екі елдің өткізу пункттері арқылы транзиттік жүктердің өтуін жеделдету және кедендік рәсімдердің тиімділігін арттыру;

   - 2022 жылғы 19 сәуірдегі ЕАЭО-да тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге сәйкес тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану;

  - кеден органдары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту, оның ішінде Беларусь Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің Қазақстан Республикасындағы ресми өкілі лауазымын енгізуді пысықтау мәселелерін талқылады.

     Қазіргі заманғы бақылау құралдарын қолдану және кеден органдары арасындағы тікелей өзара іс-қимылды дамыту тауарларды өткізуді неғұрлым ашық етуге және транзиттің жедел өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.

     Қазақстан тарапы осындай кездесулерді бетпе-бет форматта өткізудің маңыздылығын атап өтті. Мұндай кездесулер туындаған мәселелерді тікелей талқылауға, практикалық тәжірибемен алмасуға және елдер арасында тауарларды өткізуге қатысты мәселелер бойынша шешімдерді бірлесіп әзірлеуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1298006?lang=ru