Камералдық бақылау жүргізу тәртібі бойынша кеңес өтті.
24.09.2026 22:49:06 299
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті, Департамент басшысының орынбасары Азамат Нұрлыбековтің төрағалығымен, консалтингтік компаниялардың өкілдерімен камералдық бақылау жүргізу тәртібі бойынша кеңес өткізді.
Ашық диалог форматында өткен кездесуде қатысушылар салықтық әкімшілендіру саласындағы негізгі өзгерістерді және оларды іс жүзінде қолдану мәселелерін талқылады.
Камералдық бақылау жүргізу тәртібін біркелкі түсінуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ салық органдары мен бизнес өкілдері арасындағы өзара іс-қимыл сапасын арттыруға аса назар аударылды.
Мұндай форматтағы кездесулер мемлекеттік органдар мен кәсіби қоғамдастық арасындағы нәтижелі диалогты дамытуға, салықтық әкімшілендірудің ашықтығын қамтамасыз етуге және енгізілген өзгерістерді тиімді жүзеге асыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1298024?lang=ru