Қазақстан мен Al Mawashi қазақстандық етті Кувейтке жеткізу перспективаларын талқылады
2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстан мен Al Mawashi қазақстандық етті Кувейтке жеткізу перспективаларын талқылады

25.09.2026 00:32:40 159

Әл-Кувейт, 2026 жылғы 23 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Al Mawashi (Livestock Transport and Trading Company) компаниясының Бас директоры Ахмад Әл-Атикимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, Қазақстаннан Кувейт нарығына ет және ет өнімдерін жеткізуді ұйымдастыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.

Кувейт тарапы Қазақстаннан ет өнімдерін жеткізуді жолға қоюға жоғары қызығушылық білдіріп, ынтымақтастықтың осы бағытының перспективалы екенін атап өтті. Әлеуетті жеткізілімдердің шарттары, өнімнің сапасы мен сертификатталуына қойылатын талаптар, ықтимал көлемдер және логистика мәселелері жан-жақты талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар осы бағыттағы практикалық жұмысты жандандыруға, қазақстандық өндірушілермен тікелей байланыс орнатуға және ықтимал жеткізілімдердің нақты параметрлерін тығыз өзара іс-қимыл аясында пысықтауға уағдаласты.

Al Mawashi компаниясы 1973 жылы Кувейтте құрылған және Кувейтте, БАӘ-де, Австралияда және Оңтүстік Африкада өз активтеріне ие. Компания ірі мал шаруашылығы кешендерін басқарады, оның ішінде Кувейттегі кешеннің сыйымдылығы 200 мың басқа дейін жетеді. Компанияның малды теңіз арқылы тасымалдау жөніндегі жиынтық жылдық қуаты шамамен 2 млн басты құрайды. Сонымен қатар, компания мал сою және ет өнімдерін өңдеу бойынша заманауи инфрақұрылымға ие.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1298078?lang=ru