Рудный қаласында «Чек талап ет — жүлде ұтып ал!» акциясы басталады
2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Рудный қаласында «Чек талап ет — жүлде ұтып ал!» акциясы басталады

25.09.2026 15:03:46 186

Рудный қаласында «Чек талап ет — жүлде ұтып ал!» акциясы басталады
Рудный қаласы, Қостанай облысы. 24.09.2026ж.
Рудный қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын «Чек талап ет — жүлде ұтып ал!» акциясына қатысуға шақырады. Акция 2026 жылғы 26 қыркүйектен 16 желтоқсанға дейін өтеді.
Қатысу үшін сатып алу кезінде бақылау-касса машинасының фискалдық чегін алып, оған телефон нөміріңізді жазып, Рудный қаласындағы «ЦУМ» сауда үйінде орнатылған арнайы барабанға салу қажет.
Жүлделер ұтысы 2026 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізіледі. Бас жүлде — теледидар. Сондай-ақ аэрогрильдер, құлаққаптар, электр шәйнектер, грильдер мен вафли пісіргіштер ойнатылады.
Фискалдық чек тауар немесе қызмет үшін төлем жасалғанын растайды. Чек талап ету сауданың ашықтығына, түсімнің толық есепке алынуына және салық міндеттемелерінің тиісінше орындалуына ықпал етеді. Акцияның басты ұраны — «Сенің чегің — туған қалаңның дамуына қосқан үлесің!»
Егер сатып алу кезінде фискалдық чек берілмесе, оның орнына тек тауарлық чек ұсынылса немесе есеп айырысу тәртібіне қатысты сұрақтар туындаса, Рудный қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуге болады.
Акция туралы қосымша ақпарат Instagram желісіндегі @rudny.salyq.kz парақшасында жарияланады.
Чек талап етіңіз, акцияға қатысыңыз және жүлде ұтып алыңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1298381?lang=ru