OQ STARTUP қандас жастарға арналған үздік жоба байқауы
25.10.2026 04:11:43 260
ЕРЕЖЕСІ
- Байқауға 15-30 жас аралығындағы шетел азаматы болып табылатын ұлты қазақ отандастар қатыса алады;
- Байқауға 15-30 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтары қатыса алады. Қатысушы жоба туралы ұзақтығы 2 минуттан аспайтын бейнежазбаны немесе 10 слайдтан аспайтын презентацияны Oqbaiqau@gmail.com эл-поштасына шетел паспорты немесе туу туралы куәлігімен қоса өзі туралы ақпаратты (Толық аты-жөні, азаматтығы, оқитын университеті мен курсы, жасы) 30 қазан 2026 ж. Дейін жіберуі керек;
- Бейнежазба немесе презентацияда жобаның сипаттамасы, мақсаты, ерекшеліктері мен күтілетін нәтижесі туралы нақты көрсетілуі керек;
- Қатысушы жұмысын жібере отырып Отандастар қорының әлеуметтік желілерінде (Facebook, Instagram, Telegram) және ресми сайтында жұмысының жариялануына келісім береді.
МАРАПАТТАУ
1-орын: «Киелі Қазақстан» жобасына қатысуға жолдама, ноутбук, диплом.
2-орын: Планшет, диплом.
3-орын: Смарт-сағат, диплом.
Ынталандыру сыйлығы: «Бестемше» үстел ойыны.
Ереженің толық нұсқасын сайттан қараңыз https://oq.gov.kz/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1311430?lang=ru