Құқық бұзушылықтың орнына спорт: Шығыс Қазақстанда жасөспірімдер оң бағыттағы қызметке тартылуда

Құқық бұзушылықтың орнына спорт: Шығыс Қазақстанда жасөспірімдер оң бағыттағы қызметке тартылуда

02.11.2026 18:11:34 224

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы облыс прокурорының бастамасымен облыс әкімі бекіткен Жастар саясаты стратегиясы шеңберінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың мазмұнды бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыруда.

Осындай бағыттардың бірі Ауладағы спорт клубтары лигасын дамыту, сондай-ақ жасөспірімдерді оң бағыттағы қызметке тартуды және оларда жауапты мінез-құлық пен өмірлік бағдарларды қалыптастыруға ықпал ететін орта құруды көздейтін «Күш бірлікте» жобасын іске асыру болды.

Жыл бойы облыстың қалалары мен аудандарында шағын футбол және үстел теннисі бойынша спорттық іс-шаралар мен жарыстар өткізілді. Жасөспірімдердің бос уақытының көлемі артатын каникул кезеңіне ерекше назар аударылды. Жыл басынан бері спорттық іс-шаралармен барлығы 4,5 мыңнан астам бала қамтылды.

Қыркүйекте  ауладағы спорт клубтары лигасының облыстық финалы өтті. Жарысқа облыстың барлық қалалары мен аудандарынан 500-ден астам жасөспірім қатысты, оның ішінде 390-ы шағын футбол турниріне және 117-сі үстел теннисі бойынша турнирге қатысты.

Финалдық ойындар барысында қатысушылар мен көрермендерге құқықтық мәдениет, заңды сақтау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және «Таза Қазақстан» идеологиясы туралы профилактикалық роликтер көрсетілді. Сондай-ақ «Тазабек» және «Тәртіпбек» маскоттары балаларға профилактикалық жадынамалар таратты. Жарыстарды 1,5 мыңнан астам жасөспірім тамашалады.

Жарыстарды өткізу спорт, тәлімгерлік және ұйымдастырылған бос уақыт құқық бұзушылықтардың алдын алу және жасөспірімдерді оң бағыттағы қызметке тарту құралдары ретінде пайдаланылатын бірыңғай профилактикалық жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

Жалпы, профилактикалық шаралар кешенін іске асыру жыл басынан бері облыстағы жасөспірімдер қылмыстылығының деңгейін 37%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Облыс прокуратурасы Ауладағы спорт клубтарыл және «Бірлікте күш» жобасын дамыту бойынша жұмысты жалғастырып, мазмұнды бос уақыт өткізу, тәлімгерлермен қарым-қатынас жасау және жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы қызметке тарту мүмкіндіктерін кеңейтетін болады.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1313238?lang=ru