Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Қатар Сыртқы істер министрлігі Инженерлік істер және жалпы қызметтер департаментінің директорымен кездесті
09.11.2026 12:10:44 187
Доха, 3 тамызда 2026 – Елші Бақыт Батыршаев Қатар Сыртқы істер министрлігі Инженерлік істер және жалпы қызметтер департаментінің директоры Исмаил бен Али Абдулла Әл-Имадимен кездесу өткізді.
Исмаил Әл-Имади Қазақстан Елшісіне дипломатиялық қызметінде сәттілік тілеп, екі ел арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Кездесу барысында тараптар екі елдің дипломатиялық өкілдіктерінің тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар жасау мәселелерін талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1314674?lang=ru