Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Қатар Сыртқы істер министрлігі Конференцияларды ұйымдастыру жөніндегі тұрақты комитеттің Атқарушы директорымен кездесті
09.11.2026 12:10:49 219
Доха, 3 тамыз 2026 – Елші Бақыт Батыршаев Қатар Сыртқы істер министрлігі Конференцияларды ұйымдастыру жөніндегі тұрақты комитеттің Атқарушы директоры Мубарак Аджалан Әл-Кауаримен кездесу өткізді.
Мубарак Әл-Кауари Қазақстан Елшісін дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, екі ел арасындағы достық пен серіктестік қатынастарды одан әрі нығайту жолындағы қызметіне табыс тіледі.
Кездесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік іс-шараларды, форумдар мен конференцияларды ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ екі елдің ресми делегацияларының өзара сапарларын қамтамасыз ету аспектілерін талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1314671?lang=ru