«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: Білім мен медицинаға салынатын инвестициялар ұзақ жылдарға есептеледі

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: Білім мен медицинаға салынатын инвестициялар ұзақ жылдарға есептеледі

19.11.2026 12:12:39 422

Қазақстан ұлттық жинақтару қорларын білім беру мен денсаулық сақтаудың қолжетімділігіне әсер ететін инфрақұрылымдарға бағыттауда. «Халықтық құрылыс» туралы EU Reporter басылымында осындай инвестициялардың ұзақ мерзімді қайтарымы туралы зерттеулер келтірілген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш жылдық «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жариялады. Оған мұнай кірістері жинақталатын Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бағытталмақ. Бұл жерде әңгіме мектептер, ауруханалар, емханалар, спорт нысандары, көпірлер мен жолдардың құрылысын салу туралы болып отыр. Мақалада соңғы жеті жылда Қазақстан халқы екі миллионнан астам адамға көбейгені атап өтілген. Сондықтан инфрақұрылымды дамыту өсіп келе жатқан қалалар мен аудан тұрғындарының күнделікті қажеттіліктерін шешу үшін қажет.

Мақалада Индонезияның білім беруге инвестиция салу тәжірибесі туралы айтылады. Мектеп желісінің кеңеюі көптеген балаларға оқуға қол жеткізуге мүмкіндік берген. Мұндай инвестициялардың әсерін Эстер Дюфло зерттеген: оның еңбектерінде білім беру инфрақұрылымы одан арғы кезеңде оқу мен табысқа оң әсер ететінін анықталған.

Білім мен медицинаға салынған инвестициялардың мәні UNICEF-тің «Generation 2050» баяндамасында айқын көрсетілген. Мәселен, Орталық Азия халқының жартысынан көбі 30 жасқа толмаған. Ұйымның бағалауы бойынша, балалардың денсаулығына, біліміне және дамуына қосымша инвестициялар салу 2050 жылға қарай жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні базалық болжаммен алғанда 6-14%-ға арттыруы ықтимал. Мақалада бүгін салынған ғимараттардың құрылысы оған жұмсалған қаражатан да әлдеқайда көп әрі ұзақ уақыт пайда әкелуі мүмкін екендігі баса айтылған.

Адам дамуының көрсеткіштеріне ерекше назар аударылған. БҰҰ Даму бағдарламасының 2025 жылғы баяндамасында Қазақстан 193 ел мен аумақ арасында 60-шы орында тұр. Еліміздің адами даму индексі 0,837-ні құрайды, бұл Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткіш. БҰҰДБ Тұрақты өкілі Катаржина Ваверня Қазақстанда өмір сүру, адами даму және цифрлық трансформация деңгейіндегі өлшенетін ілгерілеушілік барын атап өтті. Мақалада бұл деректер әлеуметтік өзгерістердің үлкен көрінісінің бөлігі ретінде берілген.

Жаңа бағдарлама бұған дейінгі салынған мемлекеттік инвестицияларға иек артады. Жеті жыл ішінде Қазақстан әлеуметтік салаға шамамен 88 трлн теңге, оның ішінде білім беруге 33,2 трлн теңге және денсаулық сақтауға 15,5 трлн теңге бағыттады. Бұл елде қалаларда да, ауылдық жерлерде де мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелер салынды.

«Халықтық құрылысты» жүзеге асыру бүгінде басталып кетті: бірінші кезеңде құны 1,3 трлн теңгеден асатын жобалар мақұлданды. Олар жаңадан денсаулық сақтау және білім беру мекемелерін, мәдениет және спорт нысандарын, инженерлік желілер мен жолдарды қарастырады.

Басылым мұндай инвестициялардың ұзақ мерзімді әсеріне назар аударады. Мектептер мен ауруханалар бірнеше жылдар бойы жұмыс істеп, Қазақстандағы болашақ сан ұрпақтың білім мен медициналық көмекке қол жеткізуіне қызмет етпек. Бұл «Халықтық құрылыс» бағдарламасын елден тыс жерлерде де жоғары бағаға ие болуына негіз болып отыр.