Қазақстанда қолданылатын жол бетіндегі ақауларды автоматты түрде тану жүйесі

Қазақстанда қолданылатын жол бетіндегі ақауларды автоматты түрде тану жүйесі

09.02.2025 14:00:25 517

«Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК бас директоры Болатбек Айтбаев Үкімет отырысында жол сапасын бағалау саласындағы цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыс туралы баяндады.
Ол адам факторын барынша азайту мақсатында кәсіпорында сапаны бақылаудың цифрлық технологиялары әзірленіп, енгізіліп жатқанын атап өтті. Осындай шешімдердің бірі – жасанды интеллект принциптеріне негізделген жол бетіндегі ақауларды автоматты түрде тану жүйесі. Бұл диагностикалық деректерді өңдеу уақытын әрбір 100 км үшін 4 күннен 4 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
«Компанияда ведомстволық сараптаманың бірыңғай порталы құрылды. Ол бизнес-процестердің ашықтығы мен бақылауын, құжаттардың қауіпсіз сақталуын қамтамасыз етеді. Портал қажетті құжаттардың санын 15-тен 5-ке дейін, өңдеу мерзімін 3 айдан 15 күнге дейін қысқартты және емтихандар санын 5 есеге арттырды», - деп қосты Болатбек Айтбаев.
@KZgovernment

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/930407