Қазақстан СІМ-де Өзбекстан Елшісімен кездесу өтті
09.02.2025 14:31:40 572Астана, 2025 жылғы 6 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Өзбекстан Республикасының Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамуын жоғары бағалады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты.
Сонымен қатар дипломаттар Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, «Орталық Азия +» диалог платформалары сияқты көпжақты алаңдарда үйлестіру және өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/932956